«Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров «Джиро д’Италияда» үшінші орын алған Фабио Арудың нәтижесіне көңілі толғанын айтты.

«Біз Аруға сендік, сондықтан өткен жылы онымен келісім-шартты бірден үш жылға қайта жаздық. Аруда үш апталық тау шабандозы үшін барлығы бар. Ол психологиялық түрде дайын болмайды деп қорықтық, сондықтан оған қысым жасамадық», - деді Винокуровү

Естеріңізге салсақ, Ару «Джиро д’Италия» суперкөпкүндігінен кейін UCI рейтингінде 21-ші орынға көтерілді.