«Ақтөбенің» өзбекстандық легионері Александр Гейнрих трансферлік мерзімде ел чемпиондарының қатарынан кетуі мүмкін.

Ойыншының өзі ақтөбелік клубтың сапында қалғанды қалап отыр. Бұл туралы бейресми дерекөз хабарлады. Кейбір ақпаратқа сүйенсек, басшылық бұл қадамға алдағы еурокубокта жақсы легионер іздеу үшін барып отыр. 

Әзірше Гейнрих үйіне ұшып кетті, алдағы уақытта қалаға келіп, осы жайтқа нүкте қоятын болады. Сондай-ақ, 29 жастағы шабуылшы мәнсабын басқа қазақстандық клубта жалғастыруы мүмкін.