Талдықорғандық «Жетісудың» бас бапкерінің көмекшісі Сергей Трубицин ел чемпионы «Ақтөбеге» қарсы кездесудің нәтижесі туралы өз пікірін айтты.

«Біз осы ойынға қатты дайындалдық: бұл Қазақстанның көшбасшы клубы, қашан да біріншілікте 1-2-ші орындарды еншілейді, жыл сайын еурокубоктарға қатысады. Дайындығымыз жақсы болды, мүмкін кей жерлерде жолымыз болған шығар – ойын күреске, жарақатқа толы болды. Команданың ойыншыларына жеңіске деген құлшынысы үшін алғысым шексіз. Қолдағаны үшін жанкүйерлерге де рахмет айтамын», – деді Трубицин.