Өткен аптада Франция ашық чемпионатында ұшып кеткен теннисшілер деңгейі бойынша төмен басқа бір турнирде бастау алды. Осылайша, қазақстандық Михаил Кукушкин Простейов қаласында өтіп жатқан Czech Open турнирін жеңіспен бастады.

Бірінші айналымда Кукушкин чехиялық теннисші Ян Герныхты үш сетте тізерлетті – 2:6, 7:6 (7:3), 6:3.