«Локомотив» пен Ресей құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Самедов қартайғанда балаларына атақты маман Фабио Капелломен жұмыс жасағанына мақтанатынын айтты.

«Капелло менің «Миланның» жанкүйері екенімді біле ме? Білмейтін шығар, арамызда бұндай әңгіме болған жоқ. Мен «Миланға» 1994 жылы Чемпиондар лигасын жеңіп алғаннан бері жақтасып келем. «Барселонаны» 4:0 есебімен жеңген еді. «Миланды» сол кезде Капелло жаттықтыратын. Осындай бапкерпен бірге жұмыс істеу - орындалған арман ғана емес. Бұл немерелерім үшін үлкен әңгіме. Өсіп, дон Фабионың кім екенін білгенде: «Мен сол Копеллода ойнағанмын!» - деп айтамын. Осындай бапкердің командасында ойнағаныма мақтанамын», — деді Самедов.