Батыс конференциясы финалының жетінші матчында «Лос-Анджелес Кингз» «Чикаго Блэкхоукстан» жеңісті қосымша уақытта жұлып алып, Стэнли Кубогының финалына жолдама алды.

«Чикаго Орталығында» өткен ойынның алғашқы периоды нәтижелі болды. Қос ұжым бір-бірінің қақпасына екі шайбадан тоғытты. Алдымен «Чикаго Блэкхоукс» сапынан Брэндон Саад пен Джонатан Тэйвза көзге түссе, Джефф Картер мен Джастин Уильямс есепті теңестірді. Бірақ ұзақ уақыт өтпестен «Чикаго» қайта алдыға шықты. Бұл жолы Патрик Шарптың шайбасы қақпа төрінен табылды. 

Екінші кезеңде бір-бір шайбадан соқты.  Тайлер Тоффоли  таблодағы есепті теңестірсе, Шарп дубль авторы атанып, командасын алға шығарды.

Үшінші кезеңде қонақтардың бағына орай өз қақпасына гол жібермей, керісінше қарсыласының қақпасына бір шайба соқты. Мариан Габорик командасын жеңілістен құтқарып қалды. Ал қосымша уақыттың 6-шы минутында «Лос-Анджелес» ойыншысы Алек Мартинес жеңіс голын соқты.

Сөйтіп, «Лос-Анджелес» Батыс конференциясының финалында жеңіске жетіп, Стэнли Кубогының финалына жолдама алды. Ақтық кездесуде «Нью-Йорк Рейнджерспен» күш сынасады.

 

«Чикаго Блэкхоукс» – «Лос-Анджелес Кингз» 4:5 ОТ (3:2, 1:1, 0:1, 0:1)

1:0 – Саад (Кейн, Шоу) – 05:062:0 – Тэйвз (Кейн, Сибрук) – 08:362:1 – Картер (Браун, Тоффоли) – 16:312:2 – Уильямс (Войнов, Кинг) – 17:223:2 – Шарп (Крюгер) – 17:343:3 – Тоффоли (Грин, Кинг) – 30:314:3 – Шарп (Саад) – 38:254:4 – Габорик (Браун, Копитар) – 52:434:5 – Мартинес (Уильямс, Грин) – 65:47

Қақпашылар: Кроуфорд – Куик

Сериядағы есеп: 3:4