Кәсіпқой футбол Лигасының төрағасы Михаил Гурман өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында КФЛ 2015 жылы Қазақстан чемпионатының барлық ойындарын ТВ арқылы тікелей эфирде көрсету үшін жұмыс істеуде деп мәлімдеді.
 
«2015 жылғы күнтізбені дайындап, телеарналармен турдың барлық ойындарын тікелей эфирден көрсету туралы ұсыныс жасадық. Жанкүйерлерге де қызық болады.», — дка жазыпты Гурман. 
 
Қазір ҚПЛ ойындарын Қазақстан футбол Қауымдастығының жобасы ФФК-ТВ арқылы тамашалай алады.