Мария Шарапова «Ролан Гарростың» төртінші айналымында жеңіске жетті.

Әлемнің сегізінші ракеткасы 27 жастағы Мария Шарапова бірінші сетте австралиялық Саманта Стосурдан жеңіліп қалды. Алайда қалған екі партияны өз пайдасына шешті. 2 сағат 5 минутқа созылған матч 3:6, 6:4, 6:0 есебімен аяқталды.

Мария 9 брейк-пойнттың бесеуін орындап, 5 эйс жасады. Ал қарсыласының еншісінде 3 брейк, 2 эйс.

Келесі матчта Мария Шарапова испаниялық  Гарбин Мугуруза-Бланкомен күш сынасады.