Футболдан ел чемпионатының 15-ші турында қызылордалық «Қайсар» мен қостанайлық «Тобыл» өзара кездесіп, кім мықтыны анықтады.

 

Шыны керек жанкүйерлер күткендей ойын қызықты өрбіген жоқ. Дмитрий Огай шәкірттері өз ойнын таппады, ал қонақтар тек қорғаныста ойнап, қарсыласын қарсы шабуылда ұстамақ болды. Алайда қос ұжымның да ойындағысы іске аспады. Екі қарсылас та қақпасын голдан аман сақтап қалды. Тең есеп қос командаға да қолайсыз болар, бірақ ойын нәтижесі осы. Осылайша, «Қайсар» мен «Тобыл» бір-бір ұпайдан қанжығалады.

 

«Қасқырлар» 25 ұпаймен бесінші орынға жайғасса, Вардан Минасян баптайтын команда 20 ұпаймен тоғызыншы сатыға орналасты. 

 

Премьер-Лига. 15-ші тур.

«Қайсар»(Қызылорда) - «Тобыл» (Қостанай) - 0:0 (0:0)

Төрешілер:  Виктор Антонов, Айдын Тасыбаев (Павлодар), Дмитрий Филоненко (Тараз)

Қосалқы төреші: Төребек Жақсылық (Қызылорда)

Инспектор: Сергей Кенетаев (Астана)

01.06.2014 Қызылорда