Футболдан ел чемпионатының 15-ші турында «Тараз» сырт алаңда «Спартактан» айласын асырды.
Турнир кестесінің соңғы сатысында орналасқан семейліктер бұл жолы да жеңіске жете алмады. Кездесу тағдырын 57-ші минутта «Тараздың» шабуылшысы Мурат Тлешев шешті. Тәжірибелі шабуылшы өз мүмкіндігін сәтті пайдаланып командасына жеңіс сыйлады.
Футболдан ел чемпионаты. Премьер-лига. 15-ші тур.
«Спартак» - «Тараз» - 0:1 (0:0)
Гол: Тлешев 57
Комментарии