Футболдан ел біріншілігінің 15-ші турында «Қайрат» пен «Астана»  бір-бірінің қақпасына екі голдан соғып тең түсті. 

«Астана-Аренада» өрбіген тартысты ойында жеңімпаз анықталмады. Алдымен, Ренан Брессан Серікжан Мұжықовтың пасынан есеп ашты. Араға үш минут салып Бауыржан Жолшиев есепті еселеді. Дегенмен, алматылықтар үзіліске дейін Заурбек Плиевтің көмегімен бір гол қайтарды. Артынша, екінші таймның 65-ші минутында Ермек Қуантаев Аслан Дарабаевқа әдемі пас шығарып берді, соңғысы қақпашыға мүмкіндік бермеді - 2:2. 

Футболдан ел чемпионаты. Премьер-лига. 15-ші тур

«Астана» - «Қайрат» - 2:2 (2:1)

Голдар: Брессан 32, Жолшиев 35 – Плиев 42, Дарабаев 65