Австралиялық боксшы Сэм Солиман (44-11, 18 КО) германиялық қолғап шебері Феликс Штурмнан басым түсті (39-4-2, 18 КО).
 
Германияда орта салмақ дәрежесі бойынша IBF белбеуі үшін өткен жекпе-жекте 40 жастағы австралиялық боксшы Сэм Солиман ұпай санымен бұрынғы әлем чемпионы Феликс Штурмды жеңді.   
 
Үш төрешінің барлығы жеңісті австралиялық боксшыға берді: 119-109, 118-110, 117-111.
 
Айта кетер жайт, екі боксшы да Геннадий Головкиннің салмағында жұдырықтасады. Сондай-ақ, Солиман бұның алдында жерлесімізді жекпе-жекке шағырған болатын.