Кәсіпқой бокстан жоғары орта салмақтағы WBA/IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы британдық боксшы Карлч Фроч Джордж Гроувзты нокаутпен ұтты. 

Атақты Уэмбли стадионында өткен жекпе-жек сегіз раундқа созылды. 36-жастағы тәжірибелі боксшы өз қарсыласын сегізінші раундқа ауыр нокаутпен ұтты. Естеріңізге сала кетсек, бұл қос боксшы арасындағы екінші кездесу. Бұның алдында, Карл Фроч тартысты жекпе-жекте Гроувзты ұпай санымен ұтқан болатын.