Жақында ғана мадридтік «Реалмен» Чемпиондар лигасында топ жарған Икер Касильяс команданың негізгі құрамынан орын таппаса, «ПСЖ-ға» ауысады.

Егер алдағы маусымда «Реалдың» негізгі қақпашысы міндеті Диего Лопеске берілсе, Касильяс париждік клубтың сапына ойланбастан ауысады, деп хабарлайды AS El Larguero радиобағдарламасына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, Касильястың «галактикоспен» келісім-шарты 2017 жылы бітеді. Ең қызығы, «Реалдың» президенті Флорентино Перестің айтуынша, Икер клубта қалады.