Футболдан Италия құрамасының ойыншысы Рикардо Монтоливо Браизияладғы әлем чемпионатына қатыспайды. 

Бұл туралы Скуадра Адзурраның дәрігерлері мәлім етті. Естеріңізге сала кетсек, Монтоливо Ирландия құрамасына қарыс кездесуде жарақат алған болатын.

Жолдастық матч 0-0 есеппен тең аяқталды. Ал, Монтоливо 15-ші минутта аяғын сындырып алды. 

Бразилиядағы әлем чемпионатында итальяндықтар Уругвай, Коста-Рика және Англия құрамасымен күш сынасады.