«Ақтөбе» футбол клубының қорғаушысы Андрей Харабара маусымның қалған бөлігін жарақатына байланысты өткізеді.

Бұл туралы ақтөбелік клубтың «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі жанкүйерлер парақшасы мәлімдеді. Ақпаратқа сенсек Харабара бір жаттығу кезінде ауыр жарақат алды.

Осы маусымда Андрей ел чемпионатының бірде-бір ойынында негізгі құрамда шықпаған. Тек Қазақстан Кубогы жолында қызылордалық «Қайсарға» қарсы матчта алаңға шыққан.