Германияның Галл қаласында өткен бокстан халықаралық Chemistry Cup турнирінде қазақстандық былғары қолғап шеберлері бір алтын, үш күміс жеңіп алды, деп хабарлайды ҚБФ-тің ресми сайты. 

52 келіге дейін салмақта өнер көрсететін Ілияс Сүлейменов турнир жеңімпазы атанды. Жерлесіміздің финалдағы қарсыласы молдавалық Александр Рыскань рингке шықпады. Осылайша Сүлейменов автоматты түрде алтын медаль алды. Қазақстанның тағы үш өкілі ақтық мәреде сүрінді, барлығы да 1:2 есебімен: Теміртас Жүсіпов (49 келіге дейін) оңтүстік кореялық Шин Джонгунға, Берік Әбдірахмнов (60 келіге дейін) ирландиялық Дэвид Джойсқа, Әділбек Ниязымбетов ирландиялық тағы бір боксшы Джо Уардқа жол берді.