Туриндік «Ювентус» футбол клубының жартылай қорғаушысы Артуро Видаль әлем чемпионатынан кейін мадридтік «Реалға» ауысуы мүмкін.

Шетел басылымдарының ақпаратына сүйенсек, Артуроны сатып алу үшін Бланкос басшылығы итальяндықтарға 50 миллион еуро ұсынбақ. «Ювентустің» бас директоры Беппе Маротта «Реалдың» Видалға қызығып жүргенін растады. Бірақ ойыншыны сатып алу жайлы ресми ұсыныс келмегенін айтты.

Сондай-ақ, керісінше «Ювентуске» корольдық клубтың екі ойыншысы Альваро Арбелоа мен Альваро Мората келуі ықтимал.