32-жастағы қазақстандық қақпашы Давид Лория «Астана-1964» командасымен бірге жаттығып жүр.

 

Бұл туралы, клубтың Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунттында белгілі болды. Онда: «Давид_Лория Фк_Астана1964 командасымен жаттығуда» деген жазылған.

 

Естеріңізде болса, «Қайрат» футбол клубының Бақылаушы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Тwitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында: «Лория. Д жарақат алғандықтан отбасымен бірге болғанды жөн деп шешті» деп жазған болатын.

 

Дегенмен кейбір отандық БАҚ өкілдері, Лория «Қайратпен» келісімшартын бұзды деп мәлімдеді. Бірақ бұған клуб ресми жауап қайтарған жоқ.