Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Анталья қаласында өтіп жатқан ITF Turkey F18 Futures додасының жартылай финалына жолдама ала алмады.

 Ширек финалда Евсеев британдық Кэмерон Норримен кездесті. Алғашқы сетте 4:6 есебімен ұтылып қалды. Екінші партияда 0:4 есебімен жеңіліп жатып денсаулығына байланысты кездесуді ары қарай жалғастырудан бастартты.

 

Кэмерон Норри (Ұлыбритания) – Денис Евсеев (Қазақстан) 6:4, 4:0, бастартты