«Спартактың» бұрынғы бас бапкері Алмас Күлшінбаев «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісімен сұхбатта Вадим Боровскиймен қарым-қатынасы туралы және оны командада алып қалғысы келгені туралы айтып берді.

 

«Боровский - жақсы ойыншы, көп көмегі тиетін еді. Мен оны жақсы білемін, мықты, тәжірбиелі ойыншы. Кеткенін қаламаған едім. Оны командада қалдыруға тырыстым, бірақ белігілі бір себептерге байланысты алып қала алмадым.

 

Біздің құрам тәжірбиелі, мықты ойыншылардан жасақталған еді. Вадим де тез сіңісіп кетер еді. Бірақ қайталап айтамын бір себептерге байланысты ары қарай байланыс жасауды жөн деп таппады. Мен оны командада алып қалғым келіп еді», - деді Күлшінбаев.

 

Қандай себептерге байланысты Боровский командада қалмағанын және әкімшілік қалай жұмыс істеуге кедергі жасағаны туралы сұрақтарға жауап бермеді. 

 

Естеріңізге сала кетейік, кеше ғана сайтымызда «Спартактың» неге Боровскийді ренжіткені туралы сұхбаты жарияланған еді.