Минскте өткен хоккейден әлем чемпионаты аяқталған соң депутат Азат Перуашев мәжіліс отырсында хоккейшілеріміздің көрсеткен нәтижесіне көңілі толмайтындығын жеткізді:

«Қаншама қаражат бөлінді, қанша демеушілер көмек көрсетті. Құрамамыз әлем чемпионатындағы қаражаты жөнінен алдыңғы қатарды болды. Соған қарамастан көрсеткен нәтижесі нашар. Бірде-бір ойында жеңіске жеткен жоқ.

Бізбен бірге ойнаған Латвия құрамасына қараңыздаршы. Команданың орта жасы  – 40 жас. Бұл құрама әр ойында жан-тәнімен беріліп ойнады. Төрт мәрте мықты құрамалардан жеңіліп жатып, үшеуін жеңіспен аяқтады. Не үшін? Өйткені олар өздерінің елінің намысы үшін ойнайды, ал біздікілер ақша үшін. Міне айырмашылық неде: біреулер елі үшін, біреулер ақша үшін ойнайды» - деп мәлімдеді Перуашев.