Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы мексикандық боксшы Серхио Мора жерлесіміз Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты. 

«Мүмкіндік берілсе, чемпиондық белбеуді ұта алатыныма сенімдімін. Басты мақсатым - Серхио Мартинес. Ол орта салмақтың көшбасшы боксшысы. Сондай-ақ, екеуіміз бір промоутерлік компанияда DiBella Entertainment-те жұмыс істейміз. Бұдан өзге, Питер Куиллин және жұрттың бәрі қорқатын Геннадий Головкинмен кездескім келеді. Екеуінде жеңуге күшім жетеді», — деді Мора BoxingScene.com. сайтына.