Михаил Южный Париждегі доданың екінші кездесуінде Радек Штепанектен жеңіліп қалды. 

Чехиялық теннисшіге 0:2 есебімен жеңіліп жатып, үшінші партияны өз пайдасына шешті. Алайда ресейлік теннисшінің бұдан арыға күші жетпеді  – 6:0, 6:3, 3:6, 6:4. Жеке кездесулері – 4:4.

Штепанектің үшінші кезеңдегі қарсыласы латвиялық Эрнест Гулбис.