Қазақстан Премьер-Лигасының 14-ші туры аясында өткен «Қайрат» - «Қайсар» кездесуінен соң болған баспасөз-мәслихатында «Қайраттың» бас бапкер Владимир Вайсс матч туралы өз ойымен бөлісті:

 

- Осындай қиын ойында үш ұпай олжалау өте маңызды. Өздеріңіз білесіздер, әр түрлі себептерге байланысты команданың жартысынан көбі ойынға қатыспады. Қосалқы құрамада тек жас футболшылар. Сондықтан бүгінгі ойынға барын салып ойнаған жігіттерге ризалығымды білдіремін. Екі жақ алма-кезек шабуылдармен көзге түсті. Алғашқы таймда біз үш ұпайға лайықты ойнадық.

Қарсыласқа келер болсақ олар жарыс кестесінде екінші орында жайдан-жай келе жатқан жоқ. Әр ойынға тыңғылықты дайындықпен келетіні көрініп тұр.