«Тобыл» шымкенттік «Ордабасының» қолынан жеңісті соңғы минуттарда жұлып алды.

73-минутқа дейін таблодағы есеп өзгерген жоқ. Алдымен Эдин Юнузовичтің көмегімен қонақтар алға шықты. Шымкенттіктер осы басымдықты 90-минутқа дейін ұстап тұрды. Жеңіс «Ордабасының» қолында тұрған сәтте Бугаев алдымен таразы басын теңестірді, кейін молдавалық шабуылшы алаң иелеріне үш ұпай алып келді.

«Тобыл» (Қостанай) – «Ордабасы» (Шымкент) 2:1 (0:0)

Голдар: 0:1 – Юнузович (73), 1:1 – Бугаев (90), 2:1 – Бугаев (90+2).