Павлодарлық «Ертіс» өз алаңында талдықорғандық «Жетісуды» қапы қалдырып, қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Ойындағы жалғыз голды екінші таймның басында Константин Дудченко Игор Бурзановичтің пасынан кейін есеп ашты.

Бұл жеңіс павлодарлықтарға 20 ұпаймен турнир кестесінің алтыншы сатысынан орын алуға мүмкіндік берді.

«Ертіс» (Павлодар) – «Жетісу» (Талдықорган) 1:0 (0:0)

Гол: Дудченко (61).