Қазақстан Премьеp-Лигасының  14-ші туры аясында «Қайрат» пен қызылордалық «Қайсар» күш сынасты. Алматының Орталық стадионында өрбіген матч 1:0 есебімен Вайсс шәкірттерінің пайдасына шешілді

 

Алғашы минуттарда қызылордалықтар ширақ қимылдаған. Матчтағы бірінші гол ұзақ күттірмеді. Ойынның жетінші минутында Артур Едигарян он алты метрден соққы бағыттап қақпа торын бүлк еткізді. Алайда... Бас төреші оның ойыннан тыс қалғанын байқап қойды. Бірер минуттардан кейін Ермек Қуантаев алыстан соққы бағыттап көрді, бірақ доп «Қайсар» ойыншыларынан кері серпілді. Кезекті шабуыл... Едигарян қақпаға соққы жасады - Прядкин өз орнында. Басымдыққа ие болған «Қайрат» ойыншыларында сең бұзар екпінмен шабуылдай бастады. 12-минутта Кнежевич Дарабаевты қақпашымен бірге-бір шығарып берді.  Аслан өз кезегінде мүлт кетпеді. Есеп - 1:0. «Қасқырлар» жауап қайтаруға тырысты. Бұрыштама добы көтерілгенде Кулибали серпіліп тұрып қақпаға соққы бағыттады. Алайда Хомич шеберлігімен көзге түсті.  Бірінші таймның қалған бөлігінде екі команда алма-кезек шабуылдар жасағанымен, таблодағы есеп өзгермеді.

 

Екінші тайм «Қайсар» фуболшыларының шабуылымен басталды. 57-ші минутта  Розыбакиев айып алаңының сыртынан соққы бағыттағанымен, доп қақпа бағанасынан сәл қиыс кетті.  Артынша Кулибалидің баспен ұрған соққысы қақпа маңдайшасынан асып кетті. Владимир Вайсс шәкірттері  құр қарап тұрмады. Бұрыштама добына бірінші болып жеткен Михаликке дәлдік жетіспеді. Дмитрий Огай ойынға былтырғы жылғы  бірінші Лиганың сұрмергені Жасұлан Молдақараевті қосты. «Қайсар» футболшысы Савич өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Хомичпен жеке дара шыққанымен, «Қайрат» қақпашысы шеберлігін танытты.  Огай шәкірттерінің есепті теңестіруге деген соңғы мүмкіндігі бұрыштама добын болатын.  Алайда, Савич мүлт кетті.

Осылайша, Вайсс шәкірттері өз алаңында «Қайсарды» жеңіп, жарыс кестесінде көшбасшыларға бір қадам жақындай түсті.

 

 «Қайрат» (Алматы) - «Қайсар» (Қызылорда) 1:0

Гол: Дарабаев 12’ (1:0).

Төрешілер: Анатолий Вишниченко (Қостанай), Елеш Құсайынов (Астана), Сергей Обрядов (Семей).

28.05.2014 Алматы қ. Орталық стадион