Александр Недовесов Франция ашық чемпионатының екінші айналымы аясында әлемнің алтыншы ракеткасы чех Томаш Бердыхқа қарсы сенсация жасай алмады.

Чехиялық теннисші бірінші сетте тай-брейкте жол берді, алайда қалған үш сетте қазақстандықтың жолы болмады. Тиісінше Бердых келесі раундқа өтті.

 

Томаш Бердых (Чехия) – Александр Недовесов (Қазақстан) 6:7 (4:7), 6:4, 7:5, 6:3