Андрей Голубев австриялық Самуэль Гротпен бірге Франция ашық чемпионатының жұптық сайысында екінші айналымға шықты.

Бірінші айналымдық матчта Голубев пен Грот дуэті аргентиналық Карлос Берлок және италиялық Даниэль Браччали жұбын үш сетте жеңді – 6:3, 2:6, 7:5.