Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы австралиялық боксшы Дэниэл Гилл қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесуге WBA кедергі келтіретінін айтты.  

«WBA-дың шешімін күтудеміз, Головкинмен келісімге келеміз деген ойдамын», - деді Гилл «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне.

Естеріңізге сала кетсек, бір апта бұрын Дэниэл Мэттью Маклинмен жұдырықтасуы тиіс еді, алайда бокс кешенің басты жекпе-жегі Дженнингс мен Перес арасындағы айқастың қарсаңында кубалық боксшы жарақат алған соң, бокс кеші өткізілмеді.