Алматылық «Қайрат» футбол клубының бұрынғы қорғаушысы және белгілі бапкер Вахид Масудов «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне сұхбат берді.
- Вахид Юнусович, биылғы ел біріншілігі қалай өтуде?
- Чемпионат өте қызықты.
- Қызылордалық «Қайсардың» нәтижесі жайлы не айта аласыз?
- «Қайсар» тартымды футбол көрсетпесе де, тәртіптіліктің арқасында ұпай жинап жүр.
- Биылғы ел чемпионатын кім ұтады деп ойласыз? Фавориттер бар ма?
- «Ақтөбе» - сөзсіз фаворит. Команда жақсы жасақталған, құрамында мықты легионерлер көп. Неко мен Пиззели командаға өз пайдасын тигізуде. Қорғаныста жақсы ойнай бастады, Сидельниковтің ойынын ерекше атап өткім келеді. Сондай-ақ, Хайруллиннің өнері маған қатты ұнайды.
- «Ақтөбе» былтырғы маусымдағы қарағандылық «Шахтердің» нәтижесін қайталай ала ма?
- Қандай команда түседі, соған байланысты. Дегенмен, «Ақтөбе» – мықты, меніңше олар былтырғы маусымдағы «Шахтердің» нәтижесін қайталай алады.
Комментарии