Қарағандылық «Тұлпар» футзал клубының президенті Анатолий Смотрицкий командасы келесі маусымда Еременко кубогында ойнайтынын айтты, деп хабарлайды Ресей футзал ассоциациясының ресми сайты.

«Биылғы маусымда біз тарихымызда бірінші рет УЕФА кубогында ойнап, Харьковтегі топтық кезеңінде жеңіске жеттік. Кейін, Алматыда элиталық кезеңнің финалында «Қайраттан» ұтылып қалдық. Әйтсе де, бізге Еуропада ойнаған ұнады. Меніңше, елімізде футзалды дамыту үшін осындай халықаралық жарыстарға жиі қатысуымыз қажет. Еременко кубогы – сондай жарыстардың бірі. Сондықтан біз бірден Ресей футзал ассоциациясының турнирге қатысу туралы ұсынысына келісім бердік. Мәскеуге ұшып келіп, жарысқа қатысуға дайын екенімізді айттым», - деді Смотрицкий.