Қазақстандық қорғаушы Абзал Бейсебеков Польша Экстракласының кезекті турында «Ягеллония» қақпасына алғашқы голын соқты.
 
«Корона» алғашқы таймда 3:0 есебімен жңіліп жатқанда, Абзал гол соғып көзге түсті. Осыдан кейін «Корона»  жігіттері жігерленіп есепті теңестірді. Матч болса тартысты  4:4 есебімен аяқталды.
 
Келесі бір қазақстандық  – Сергей Хижниченко ойынға тек 88-ші минутта араласты. 
 
Осылайша Абзал мен Сергейдің командасы соңғы екі кездесуді тең аяқтап, 26 ұпаймен 13-ші сатыға жайғасты.