WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды. Қазақстандық боксшының ендігі кездесуі  австралиялық Дэниэл Гилмен өтеді.

Дэниэл Гил  кәсіби рингте 32 кездесу өткізіп, оның 30-ын жеңіспен (16 нокаут) аяқтаған.

Кездесу 26 шілдеде Нью-Йорктің 20 мың адамға арналған «Madison Square Garden» стадионында өтеді.

Қазіргі уақытта Головкин  Калифорнияның «Big Bear» деп аталатын жаттығу лагерінде дайындық  өткізуде, деп хабарлайды Boxrec.