«Қайсар» футболшылары қандықол қылмыскерлердің шабуылына ұшыраған «Ертіс» командасының басшылық құрамын қолдау мақсатында «Футболда зорлыққа орын жоқ» марафонын жалғастырды.Қазақстан Кәсіпқой футболшылар одағының бастамасымен қолға алынған бұл акцияға «Қайсар» футбол клубының атынан команда капитаны Кирилл Шестаков, Самат Балымбетов, Антон Землянухин, Рахымжан Розыбакиев, Олжас Алтаев, Думан Нәрзілдаев, Елжас Алтынбеков, Душан Савич, Сергей Шевцов және физиотерапевт Игорь Горбунов қатысты.Футболшылар зорлыққа орын жоқ екенін айтып, әрдайым таза футболды қолдайтындықтарын жеткізді.

Ақпарат клубтың ресми сайтынан алынды