27 мамыр күні «Джиро д'Италия» велобәйгесінің бірінші деңгейлі үш тау және жарыстың ең биік нүктесі Стельвио (2758м) бар 16-шы кезеңі аяқталды.

Мәреге 30 шақырым қалғанда Movistar-дың колумбиялық шабандозы Наиро Кинтана, Garmin Sharp-тың велошабандозы канадалық Райдел Хешдал және Europcar командасының намысын қорғайтын француз Пьер Роллан оқ бойы озып шықты. Бірақ роолан шабуылдаушылар құрамында ұзақ жүре алмады. Ал мәре сызығына 1 шақырым қалғанда Кинтана Хешдалады 8 секундқа артқа тастап, мәреге бірінші болып келді.

 «Астана» шабандозы Фабио Ару көшбасшыдан 3 минут 40 сеундқа қалып алтыншы болып келді.

Осылайша жарыс кестесін Наиро Кинтана (Колумбия, Movistar)  бастады. Екінші орында Наироның отандасы Omega Pharma – Quickstep шабандозы Ригоберто Уран. Ал Фабио Ару алтыншы сатыға жайғасты.

 

«Джиро д'Италия». 16-шы кезең қорытындысы

1. Наиро Кинтана (Колумбия, Movistar) – 68:11:44

2. Ригоберто Уран (Колумбия, Omega Pharma – Quickstep) – + 1:41

3. Кэдел Эванс (Австралия, BMC Racing) – + 3:21

4. Пьер Роллан (Франция, Europcar) – + 3:26

5. Рафал Майка (Польша, Tinkoff-Saxo) – + 3:28

6. Фабио Ару (Италия, Astana Pro Team) – + 3:34

30. Микель Ланда (Испания, Astana Pro Team) – + 1:01:28

42. Паоло Тиралонго (Италия, Astana Pro Team) – + 1:25:07

58. Валерио Аньоли (Италия, Astana Pro Team) – + 1:55:58

102. Энрико Гаспаротто (Италия, Astana Pro Team) – + 2:45:10

104. Андрей Зейц (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 2:48:39

127. Борут Бозич (Словения, Astana Pro Team) – + 3:08:15