Андрей Голубев Франция Ашық чемпионатының алғашқы айналымынан ары аса алмады.

Қазақстандық теннисші келесі кезеңге өтеді дегенде сену қиын еді. Өйткені оның қарсыласы британдық  Энди Маррей болатын.

Маррей алғашқы екі партияда-ақ кімнің көшбасшы екенін білдірді – 6:1, 6:4. Үшінші сетте шотландиялық сәл бәсендеу болып,  партия Голубевтың пайдасына шешілді – 3:6. Алайда қорытынды төртінші партияда Маррей Андрейге мүмкіндік қалдырмады – 6:3

 

Энди Маррей (ұлыбритания) – Андрей Голубев (Қазақстан) 6:1, 6:4, 3:6, 6:3