«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы шабуылшысы Малик Мане «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында шілде айында Қазақстанға қайта оралатынын айтты. 

Қазіргі таңда сенегалдық шабуылшы Швеция чемпионатында «Гетеборг» сапында өнер көрсетуде.

- Малик, Қазақстанды сағынған жоқсыз ба?

- Сағындым. Шілде айында Қазақстанға қайта оралуым мүмкін.

- Құпия болмаса қай командаға ауысуыңыз мүмкін?

- Бірнеше командадан ұсыныс келді, бұл тізімде «Астана» мен «Қайрат та» бар. Мансабымды Қазақстанда жалғастырғым келеді.

Естеріңізге сала кетсек, 25 жастағы сенегалдық шабуылшы 2011-ші жылы «Ақтөбе» командасына жалға берілген болатын. Бір маусым ішінде Малик 29 кездесуде 12 гол соқты.