«Астана» велокомандасының итальяндық шабандозы  Фабио Ару «Джиро д'Италия» көпкүндік веложарысының 15-ші кезеңіндегі  жеңісінен кейін елордалық команданың ресми сайтына сұхбат берді.  

«Үш шақырым қалғанда артыма қарадым, онда мені озатын шабандоздарды байқамадым, сондықтан бірден шабуылдадым. Алда әлі таулы қиын кезеңдер бар. Команда мені үнемі қолдап, таулы кезеңдерде көмектесуде. Бұдан не шығатынын көрерміз», - деді Ару қазақстандық велокоманданың ресми сайтына.