Мадридтік «Атлетиконың» қорғаушысы Филипе Луис ұлттық құрамаға шақырту алмағаны үшін Бразилия құрамасының бас бапкері Луис Фелипе Сколариге наразылығын білдірді.  

 

«Ұлттық құрамаға ойыншылар қандай критериилер арқылы таңдалатыны мен үшін түсініксіз. Не болса да, менің ұлттық құрамада достарым көп. Бразилия әлем чемпионатын жеңетініне сенімдімін. Қазіргі таңда, Бразилияның тұрғындарына оңай емес. Сондықтан олар үшін жеңіс ауадай қажет», — деді футболшы шетел басылымдарына.