Швейцариялық теннисші Роджер Федерер Францияда өтіп жатқан «Ролан Гаррос» додасындағы алғашқы қарсыласы Лукаш Лацконы қиындықсыз жеңді.

 

Париждегі жарыста әлемнің төртінші ракеткасы словакиялық теннисші Лацконы үш партияда тізе бүктірді, Қорытынды есеп – 6:2, 6:4, 6:2.

Роджер қарсыласының доп берісін 5 мәрте сәтті алып, Лукашка брейк-пойнт жасауға мүмкіндік бермеді.
 
Федерер келесі матчта Гаштао Элиас (Португалия) – Диего Шварцман (Аргентина) кездесуінің жеңімпазымен күш сынасады.