Александр Недовесов Франция Ашық чемпионатының алғашқы кездесуін қиындықсыз ұтты.

Қазақстандық теннисші мен үндістандық Сомдев Девварман кездесуі 3 сағат 15 минутқа созылды. Қорытынды брейкті  Девварман он бірінші геймде жасап, 7:5 есебімен бірінші партияны өз пайдасына шешті. Екінші және үшінші кезең қазақстандық теннисшінің артында қалды. Алдымен қарсыласының доп берісін алып, 6:3 есебімен жеңсе, бұдайн кейінгі үшінші кезең тай-брейкке жетті. Соңғы төртінші партияда брейк сегізінші геймде орын алды – брейкті тағы да Александр жасады. Келесі геймді өз пайдасына шешіп, жеңісті жұлып алды.