«Лос-Анджелес Кингз» өз айдынында Батыс конференциясының финалдық үшінші матчында «Чикаго Блэкхоуксті» бағындырып, сериядадағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

Қонақтар екі мәрте алға шықты, алайда «патшалар» екеуінде де таразы басын теңестірді. Содан кейін басымдықты айдын иелері алып, 4:2 есебімен алға шықты. «Чикаго» ойыншылары сиренаға бес секунд қалғанда есеп айырмасын қысқартты.

 

«Лос-Анджелес Кингз» – «Чикаго Блэкхоукс» 4:3 (1:2, 2:0, 1:1)

0:1 – Тэйвз – 05:26, 1:1 – Войнов (Картер, Даути) – 06:16, 1:2 – Тэйвз (Розсивал, Госса) – 13:192:2 – Картер (Пирсон) – 28:083:2 – Тоффоли (Картер, Митчелл) – 34:194:2 – Даути (Маззин, Уильямс) – 51:574:3 – Шарп (Ледди) – 59:55

Қақпашылар: Куик – Кроуфорд