Финляндия құрамасы жартылай финалда Чехия қақпасына әр кезеңде бір шайбадан салып, ақтық мәреге жолдама алды.

Финдер ойынның  9-минутында есеп ашты – бірінші боп Йори Лехтеря көзге түсті. Үзілітен кейін Суоми елінің өкілі есеп айырмасын ұзартты – ойындағы басымдықты пайдалану үшін оларға бір ғана минут жеткілікті болды. Ал финдер үшінші шайбаны чехиялықтар ва-банкке барған сәтте бос қақпаға салды.

Финляндия құрамасы финалда әлем чемпионы атағын Ресеймен сарапқа салатын болады. 

Чехия – Финляндия 0:3 (0:1, 0:1, 0:1)

0:1 – Лехтеря (Хиетанен, Мянтюля) – 08:57

0:2 – Иммонен (Контиола, Каралахти) – 31:02, басымдықта

0:3 – Лехтеря – 59:49, ПВ

Қақпашылар: Салак – Ринне