Футболдан ел біріншілігінің 13-ші турында қостанайлық «Тобыл» сырт алаңда талдықорғандық «Жетісумен» кездесті.

Тартысты өрбіген ойында 2:1 есебімен қонақтар жеңіске жетті. Алдымен, «Тобылдың» легионері Томаш Шимкович қостанайлықтарды есепте алға шығарды. Кейін, молдавиялық шабуылшы Игорь Бугаев есепті еселеді. Дегенмен, Омари Тетрадзенің командасы бір гол қайтара алды. Матчтың 65-ші минутында Демель есепті қысқартты. Алайда, ойын соңына дейін есеп өзгермеді.

Футболдан Қазақстан чемпионаты. 13-ші тур.

«Жетісу»-«Тобыл»-1:2

Голдар: Демель, 65 – Шимкович, 32, Бугаев, 52