Қазақстан чемпионатының 13-ші туры аясында ел чемпионы «Ақтөбе» кезекті үш ұпайына қол жеткізді. Бұл жолы Владимир Никитенко шәкірттері қонақта семейлік «Спартакті» тізе бүктірді.
Алексей Петрушкин жаттықтыратын семейліктер келесі маусымда Премьер-лига командаларының қатарында қалу үшін жанын салуда. Алайда қанша қорғаныста мығым ойнағанымен батысқазақстандықтарға Маркос Пиззелидің жалғыз голы жеңіс сыйлады.
Нәтижесінде ақтөбелік клуб көш басындағы орнын нығайтуда, ал «Спартакқа» ҚПЛ-дағы орнын сақтап одан сайын қиындап барады.
Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 13-й тур.
«Спартак» - «Ақтөбе» - 0:1 (0:0)
Гол: Пиззелли 73
Комментарии