Британдық боксшы Мэттью Маклин «Твиттердегі» ресми парақшасында Крис Юбенктің Геннадий Головкин туралы айтқан сөздеріне жауап берді.

«Баласы тұрмақ Крис Юбенктің өзі Головкинді ұта алмайтын еді», - деп жауап берді Маклин.

Содан соң жанкүйерлердің бірі онымен келіспеді:

Фанат: «Сіздің жанкүйерімін, бірақ Юбенк промоутерлер қорғап жүрген Генаны сөзсіз жеңетін еді».

Маклин: «Генаны ешкім қорғап жүрген жоқ, одан бәрі қорқады».

Маклин: «Гена өз салмағында барлық мықты боксшыларды оңай тізе бүктірді және әр боксшымен жұдырықтасуға дайын. Юбенк кезінде орташа  деңгейлі боксшыларды ғана ұтқан».

Фанат: «Юбенк Англияның ұлы боксшысы, ал Головкин мықтылардан ешкімді жеңген жоқ».

Маклин: «Иә, Юбенк Англияның ұлы боксшысы. Ал Головкин әлемдегі ұлы боксшылардың бірі болатынына сенімдімін».