Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Крис Юбенк ұлының Геннадий Головкинді ұта алатынын айтты. 

«Орта салмақтағы барлық боксшыларды көрдім. Геннадий Головкин? Крис оны жеңеді. Баламның жылдамдығы мен соққысы Роберто Дюран мен Рой Джонстікіне ұқсақ екенін байқадым. Кәсіпқой рингте он бес кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Головкин менің ұлымнан мықты емес», — деді Крис Юбенк шетел басылымдарына.