Қазақстандық Сергей Хижниченко мен Абзал Бейсебеков Польша чемпионатында «Коронаға» үш ұпай еншілеуге көмектесе алмады.

«Краковияға» қарсы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Бейсебеков негізгі құрамда шығып, екінші таймда ауысты. Ал Хижниченко алаңға 79-минутта ғана шықты және аз уақытта ауыз толтырып айтарлықтай ештеңе істей алмады.

Қазіргі кезде «Корона» турнир кестесінде 37 ұпаймен 11-орында келе жатыр.